Ерлер мен жасөспірімдер: Еліміздегі суицид көрсеткіші қауіпті межеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлер мен жасөспірімдер: Еліміздегі суицид көрсеткіші қауіпті межеге жетті

Ерлер мен жасөспірімдер: Еліміздегі суицид көрсеткіші қауіпті межеге жетті

Ер адамдар суицидке итермелеу қылмыстарының басты құрбаны болып отыр.

  • 24 Маусым
  • 6
Фото: rehabaddict.ru

2025 жылы Қазақстанда суицидке итермелеу жағдайлары алаңдатарлық деңгейге жетті. Ер адамдар мен орта жастағы азаматтар бұл қылмыстардың негізгі құрбандарына айналуда. Статистикаға сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары көбейіп, қаза тапқандардың үлесі артып отыр. Caravan.kz медиа порталы Finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда «Өз-өзін өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық істер тек қайғылы жағдаймен аяқталған суицидтен кейін ғана емес, сондай-ақ, адам өмірін қиюға әрекеттену оқиғаларынан кейін де қозғалады.

Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, суицидке итермелеу бойынша қылмыстық істердің ішінде әрекеттену оқиғаларының үлесі, әдетте, қайғылы аяқталған жағдайларға қарағанда екі есе жиі кездеседі. Мәселен, өткен жылы осы бап бойынша жәбірленуші ретінде танылғандардың жалпы саны 453 адамды құраған. Олардың 32,7%-ы немесе 148 адам өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған.

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы статистика бойынша, қаза тапқандардың үлесі барлық жәбірленушілер санының 45,4%-ына жетті. Сарапшылардың айтуынша, жылдық және ағымдағы деректер арасындағы айырмашылық ақпарат жинау әдісінің ерекшеліктерімен байланысты.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, суицидке итермелеу жағдайлары бойынша жәбірленушілердің басым бөлігін ер адамдар құрайды.

«2025 жылдың алғашқы бес айындағы деректер бойынша жәбірленушілердің 71,5%-ы немесе 377 адам-ер адамдар. Суицидке ұшырағандар арасында ең көп таралған жас тобы-30 бен 49 жас аралығындағы орта жастағы адамдар. Бұл санат жалпы жәбірленушілердің 40,8%-ын құрайды. Ал 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің үлесі -10,4%, яғни 55 адам», — деп жазады Finprom.kz.

OSZAR »